Қазақстан – Америка жастарының бірлескен форумы өтті

21 Тамыз 2019, 17:51
2698
Бөлісу:
Қазақстан – Америка жастарының бірлескен форумы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін жастар ұйымдарының  нетворкингі және тәжірибе алмасуы жобасы аясында Қазақстан - Америка жастары форумы өтті.

«Астанамыз - Нұр-Сұлтан қаласына келгендеріңізге өте қуаныштымын.  Бұл бейбітшілік пен келісім қаласы, біздің қалада ерекше миссия бар.  Тұңыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында астанамыз әлемде бейбітшілік қалыптастыруға әрқашан белсенді қатысады. Әлемдік діндер съезі секілді ауқымды іс - шараларға алаң ұсыну дәстүрге айналды. Бүгінгі форумда сондай алаңның бірі деп ойлаймын. Елімізде жастарға көп көңіл бөлінеді. Соның бір дәлелі, биыл жастар жылы өтіп жатыр. Бүгін бізде американдық жастармен өзара бірлескен форумның өткізілгеніне өте қуаныштымын. Осындай форум арқылы екі ел жастарының қарым-қатынасын дұрыс жолға қоя аламыз. Форум ғылым, мәдениет, спорт саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асуына жол ашып, үздік тәжірибелерді бөлісуге мүмкіндік береді деген үміттеміз», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Данияр Есин.

Форумға Қазақстан мен АҚШ-та тіркелген  жастар қоғамдық ұйымдарының, қауымдастықтардың,әлеуметтік топтардың өкілдері, жас көшбасшылар мен энтузиастар қатысты.

Форум аясында «Bolashaq» қауымдастығы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы және «Kazakhstan Trade Council» бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша үшжақты меморандум жасасты. Сондай-ақ, «Jas Otan» және «Indiana University Fencing Club» арасында, «Астана жастары» және «Words Can Soar» халықаралық ұйымының арасында келісімдерге қол қойылды.
Өзгелердің жаңалығы