Қазақстан АЭХА-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

14 Қазан 2020, 22:22
1329
Бөлісу:
Қазақстан АЭХА-мен ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас директорының орынбасары – кепілдіктер департаментінің директоры Массимо Апаромен кездесті.

Әңгіме барысында Е.Ашықбаев Қазақстан АЭХА-ның атомды бейбіт мақсатта пайдалануды дамытудағы, ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін нығайтудағы рөлін жоғары бағалайтынын атап өтті. Сондай-ақ, қазақстандық дипломат МАГАТЭ-нің жаңа басшысы - Бас директор Рафаэль Гроссимен ынтымақтастықты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, М.Апаро МАГАТЭ қызметіне қолдау көрсеткені үшін елімізге алғыс білдіре отырып, Қазақстанда атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы Агенттіктің жоғары стандарттарына сәйкес келетін бірқатар маңызды жобалары іске асырылып жатқанын атап өтті.

Қазақстанға сапары аясында АЭХА делегациясы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының бірқатар объектілерімен танысып, сондай-ақ Үлбі металлургиялық зауыты мен АЭХА Төмен байытылған уран банкіне барады.

Өзгелердің жаңалығы