Kazakh Invest-тің басқарма төрағасы тағайындалды

15 Шілде 2019, 12:50
1551
Бөлісу:
Kazakh Invest-тің басқарма төрағасы тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бауыржан Сартбаев 1966 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген. 

2000–2002 жж. ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды. 

2000–2002 жж. — ҚР Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары. 

2003–2006 жж. — «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жж. — Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры.

2008–2012 жж. — «Номад» ЖШС директорының орынбасары.

2012–2013 жж. — «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жж. — ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары. 

2015-2018 жж. - ҚР ПІБ РМК директоры. 

2018-2019 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы  Сауда өкілі лауазымында болды. 

Өзгелердің жаңалығы