Қазақ жылқысының жағдайы халықаралық деңгейде талқыланды
PHOTO
05 Қараша 2021, 10:16 178

Қазақ жылқысының жағдайы халықаралық деңгейде талқыланды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында «Қазақстан мен шетелдегі өнімді жылқы шаруашылығының жағдайы мен даму перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. 

Халықаралық жиынға еліміздің барлық өңірінен жылқытанушы ғалымдар, жылқы шаруашылығымен айналысатын мамандар, жылқы өсіретін шаруа қожалықтарының басшылары қатысып отыр. 

Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі жиынға Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, т.б. қатарлы мемлекеттердің жылқытанушы ғалымдары онлайн режімде қатысты. 


Бұл конференцияны арнайы ауылшаруашылық саласы қызметкерлері күніне туралап өткізіп отырмыз. Біздің Ауылшаруашылығы факультеті еліміздегі ауылшаруашылық саласы мамандарын дайындайтын бірден бір орталық деуге болады. Факультет мамандары қазақтың Жабы тұқымын зерттеуде, дамытуда айтарлықтай жұмыс істеп келеді. Соның бір дәлелі бүгінгі жиын десек артық айтқанымыз емес. Бүгінгі жиынның өзіндік ерекшелігі бар. Еліміздің жылқы шаруашылығы саласында етті-сүтті бағыттағы жылқы тұқымының алар орны ерекше. Оны дамыту, насихаттау біздің міндетіміз - дейді С. Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетінің ректоры Еркін Садықов.


Фото: автордан
Загрузка...