Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?

4 Қараша 2021, 12:36
1788
Бөлісу:
Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырған Ұлы дала тарихынан сыр шертетін «Ортағасырлық жазба деректердегі қазақ мемлекеті» атты көрме өтіп жатыр.

Көрмеге қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында жинақталған Қазақстан тарихына қатысты сирек кітаптар, хандардың хаттары, карталар (көшірмелері) қойылған.

Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?

Көрменің мақсаты – ортағасырлық дереккөздер негізінде XV-ғасырда Қазақстан мемлекеті болғанын келушілерге жеткізу. Себебі кейбір саясеткерлер Кеңес құрамына дейін қазақтарда мемлекет болмағанын айтады. Тарихи ортағасырлық дереккөздерде оны теріске шығаратын мәліметтер бар. Өкінішке қарай, ортағасырлық көп дереккөз әлі де зерттелмеген. Тарихшылардың алдында осындай дереккөздерді жинау және ғалыми айналымға енгізіп, халыққа насихаттау жұмысы тұр, – деді Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы сарапшысы Алматы Абсалиқов.
Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?
Ол атап өткендей, қолжазбалар парсы дереккөздерінен жиналған.

Мысалы, Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Диуани хикметі», «Алам Арай Сафави», «Мехман-намэ Бухара» сынды кітаптар бар. Көрмеге 20-30 шақты жәдігер қойылған, – деді ол,
Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?
Шараға Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Пархатович пен Түрікменстан елшісі Батыр Дурдымуратович, Иран мәдениет орталығының басшысы Али Акбар Талеби Матин қатысты.

Елшілер Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

Биыл біздің мемлекеттер тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеп жатыр. Елдердің басшылары әлемге тарихымызды насихаттау үшін барлық жағдайды жасады. Біздің елдердің мәдениеті мен құндылықтары тек Орталық Азияда ғана емес, әлемге маңызды болып отыр. Халықтың тарихи құндылықтары әлемнің әр халқында бар. Осындай орталықтың құрылуы тарихты тереңінен зерттеп, жастарға насихаттауға мүмкіндік береді. Бүгінгі көрме де бауырлас елдердің тарихы ортақ екенін көрсетеді, – деді Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Пархатович.
Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?
Ал Түрікменстан елшісі Батыр Дурдымуратович тәуелсіздік Орталық Азия елдері үшін қастерлі ұғым екенін айтты.

Тәуелсіздік – бізге Тәңірдің сыйы. Біздің елдердің тарихы мен өркениеті ежелгі екенін көрсететін жәдігерлер сақталған. Осындай деректерді зерттеген жөн, – деді ол.
Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?
Иран мәдениет орталығының басшысы Али Акбар Талеби Матиннің айтуынша, кез келген ел өзінің тарихын ұмытпауы керек.

Қазақстанның осы жылдарда атқарған жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Бұл ұлт пен халықтың игілігіне жасалып жатқан жұмыстар нәтижелі болсын, – деді ол.

Қазақ мемлекетінің құрылуына қатысты қолжазбаларда не жазылған?
Көрме 26 қазан күні ашылды. Көрме желтоқсан айының соңына дейін жалғасады.
Өзгелердің жаңалығы