Бас жаңалықтар
Қазақ-мажар балалар әдебиеті шеберханасы ашылды
17 Қаңтар 2021, 22:22 232

Қазақ-мажар балалар әдебиеті шеберханасы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. CӨЗОТАУ - қазақ-мажар балалар әдебиеті жобасы. Өткен жылғы 24-қарашада желіге қойыла бастады. Заманауи, қызықты, безендірілген жаңа жоба. Жаңа тренд. Сөзді ойнату, белгілі тақырыпка арнау, иллюстрациялармен безендірілу сияқты талаптары бар. 

Өскелең заманның балаларыңа үлескен, символдық мәнге ден қоятын тұстары бар. Қазақ тарапынан танымал балалар жазушысы Зәуре Төрехан, мажарлардан Майориш Нора жүргізеді. Жүздеген автор мен аудармашы, редактор, иллюстратор атсалысты. Оқып танысыңыз, пікірлесіңіздер. Жас ұрпақ тәрбиесіне таптырмас мүмкіндік сізге де ой салатыны анық.

Балалар әдебиеті ұрпақ тәрбиесінің уызы, тал бесігі, тәрбие мектебі. Сондықтан бұл сала  ешуақытта назардан тыс қалмауы тиіс. Дегенмен біз Қазақстандағы балалар әдебиетінің тұралап, кенжелеп қалғанын көріп жүрміз, солай болды екен деп қол қусырып қарап отыра беруге болмайтынын ұқтық. Сол себептен, балалар әдебиетін әдеби әлемге енгізуге септігін тигізетін мүмкіндіктің көзін табуға тырыстым. Дәл сол уақытта Қазақстан Жазушылар одағы «Сөз энергиясы» форумын ұйымдастырып, шет елдерден жазушы-ақындарды елімізге шақырып, олардың тәжірибесімен таныстық. Келген қонақтардың ішінде маған ерекше әсер еткен Мажарстаннан келген беделді балалар жазушысы Нора Майорош болатын. Ол өз еліндегі балалар ақындары мен жазушыларының бірлестігі жайында айтып, атқарып жүрген іс-шараларымен таныстырды - дейді Зәуре Төрехан.

Ол бұл тәжірибе де өте пайдалы болатынын бірден аңғарғанын айтады.

Сөйтіп филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш ағамен, Нора Майорошпен етене танысып, ерекше жобаны қолға алуға бекіндім. Екі жақ бірігіп, 500-ге тарта сөзі бар сөздік құрастырып, екі елде әдеби конкурс өткізіп, нәтижесінде 16 қазақ тіліндегі шығарманы, 26 мажар тіліндегі шығарманы іріктеп, екі тілге аударып, иллюстрация салдырдық. Осындай қыруар шаруаларды бірлесе атқаруға атсалысқан қазақ тобының барлық мүшелеріне, аудармашылар Бабақұмар Хинаят пен Нұржан Түменовке, жазушы-редактор Ділдәр Мамырбаева мен Мәскеудегі «Астана» елдер достығы мен ұлттық мәдениетті дамыту қорының басқарма төрайымы Жарқын Утешоваға және шетелдегі қандастарымызға шексіз  алғысымды  білдіремін - дейді Зауре Төреханова.

Сөзотау туралы толығырақ танысам десеңіздер мына сілтемеге өтуге болады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...