Қазақ каскадерлері өнер көрсеткен «Мулан» фильмі АҚШ-та тағы бір жүлдеге ұсынылды

5 Ақпан 2021, 23:39
1118
Бөлісу:
Қазақ каскадерлері өнер көрсеткен «Мулан» фильмі АҚШ-та тағы бір жүлдеге ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Nomad Stunts каскадерлері тағы бір сүйіншілі жаңалығымен бөлісті. Бұл туралы каскадерлер клубы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Достар, бізде қуанышты жаңалық бар! Түсіріліміне Nomad Stunts каскадерлері қатысқан Disney студиясының «Мулан» фильмі «ойын киносындағы үздік каскадерлік тобы» үшін АҚШ киноактерлер Гильдиясы сыйлығына ұсынылды! Біз осы ауқымды жобаның қатысушыларының қатарында болғанымызға мақтанамыз. Бізге фильмдегі қиын трюктардың көпшілігін орындау құрметі бұйырды. Үміткерлердің қатарында «Ғажайып әйел: 1984», «Бір қанның бесеуі», «Чикагодағы жеті сот», «Әлемнің әр түкпіріндегі жаңалықтар» фильмдері бар - делінген жазбада.

 Жеңімпаздар 2021 жылдың 4 сәуірінде анықталады. ⠀

Жұдырықтай жұмылып, жеңістен үміттенейік! - дейді ат құлағында ойнаған азаматтар.

Естеріңізге сала кетейік, Nomad Stunts каскадерлері жақсында ғана «Томирис» фильмі арқылы Әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ие болған еді

Өзгелердің жаңалығы