Қазақ хан, сұлтандарының Ресейге жазған хаттары аз емес - тарихшы

24 Қараша 2021, 12:57
2117
Бөлісу:
Қазақ хан, сұлтандарының Ресейге жазған хаттары аз емес - тарихшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ хан, сұлтандарының Цин патшалығына жазған хаттарының жалпы саны 151 дана.

Бейресми деректерге сүйенсек, Ресейге жөнелтілген хаттар саны да аз емес. Қазақ хандарының көрші патшалықтарға жазған хаттары туралы тарихшы Дүйсенәлі Әбділәмішұлы мәлімдеді.  

«Ұлы дала құндылықтары: тәуелсіздік және тіл» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына Қытай астанасынан онлайн қосылған тарих ғылымдарының докторы қазақ мәдениетінің құндылықтары жайлы, XVIII ғасырдағы қазақ хандары мен сұлтандарының көрші патшалықтармен байланысы жайлы тың деректерімен бөлісті.

Қазақ хандары сонау ертеден бастап көрші халықтарымен жиі барыс-келіс жасасып отырған. Дереккөздерге сүйенсек, XVIII ғасырдың алғашқы жартысынан кейін Ресеймен қарым-қатынас нығая түсті. Ал осы ғасырдың ортасынан бастап Цин патшалығымен екі арадағы сауда-саттық дами бастады. Осындай ынтымақтастықтар аясында қазақтар тарапынан көптеген хат жазылып, қарсы жаққа жеткізілген, - деді Дүйсенәлі Әбділәмішұлы.

Тарихшы баяндамасында Ресейге жолданған хаттарды Батыс және Шығыс құжаттары деп екіге бөліп қарастыруға болатынын айтты.

Бейресми санақтарға қарағанда, Ресейге жөнелтілген хаттар аз емес. Мысалы, Ерофеева зерттеуінде 250-ге жуық хат топтастырған. Батыс ғалымдарының қолында 80-ге жуық жарияланбаған хат бары айтылады, - деді ол батыс құжаттары жайлы.

Сондай-ақ тарихшы шығыс құжаттары бойынша жазылған хаттардың қай хандар мен сұлтандардың әулетіне қанша пайызы тиесілі екенін атап өтті.

Қазақ хан, сұлтандарының Цин патшалығына жазған хаттарының жалпы саны 151 дана. Мұнда Абылай хан әулеттеріне тәні 25 дана - 17%, сұлтан Әбілпейіз әулеттеріне тән 109 дана - 72%, Тұрсын хан әулеттеріне тәні 17 дана - 11%, - деп мәлімдеді профессор.
Өзгелердің жаңалығы