Бас жаңалықтар
Қазақ эстрадасы өсу жолында – Роза Рымбаева
20 Сәуiр 2021, 15:52 216

Қазақ эстрадасы өсу жолында – Роза Рымбаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әнші, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева «Желмая» жобасында қазақ эстрадасының қазіргі тыныс-тіршілігі жайлы айтты.

Оның айтуынша, қазақ эстрадасы өмір бойы өсу жолында келе жатыр. Ертеректе «Дос-Мұқасан» тобы шыққанда халық қатты қуанған. Ол қазақ музыкасына, эстрадасына жаңалық болып келді.

«Дос-Мұқасанның» әні әлі күнге дейін тыңдалады, шырқалады. Себебі олар біздің бұрынғы дәстүрлі әнімізді эстрадаға көтеріп, жаңа стиль әрі деңгей алып келді. Одан кейін де қаншама жастар шығып жатыр, өсіп-өркендеу жолында. Өнер дегеніміз - өмір бойы іздену, өз жолыңды іздеу. Қазір кереметпіз деп немесе нашармыз деп те айта алмаймын. Өйткені дәстүрлі әндеріміз шырқалып жатыр және эстрадамызға сол дәстүрлі әндердің ерекше иірімдері қосылып жатыр. Сондай-ақ дүниежүзілік деңгейге шықтық деп те мақтана аламын, өйткені Димашымыз бар. Балаларды алсақ Максим бар, Төлешова бар, сондықтан барлығымыз ізденіп, өсу жолындамыз, - деді Роза Рымбаева.

Сонымен қатар ол қазір еуропалық стиль, мәнер бізге еніп жатқанын, біз оны қабылдап жатқанымызды айтты.

Ол музыкада, киімде болсын, жүріс-тұрыста да, әдебиет, мәдениетін де біз қабылдап жатырмыз. Бізде тек қазақ ортасы ғана болса, онда біздің ортамызда қазақ тілі, дәстүр, өзіміздің әндеріміз ғана шырқалар еді. Біз ондай ел емеспіз, біріншіден, көп ұлттан тұратын мемлекетпіз, екіншіден, барлығына ашқыпыз. Қазір интернет бар, неше түрлі теледидар хабарлары бар, оның үстіне қанша елге барып келеміз. Дүниежүзілік қозғалыстан, ақпараттан біз тыс қала алмаймыз. Бұл қалыпты жағдай, - деді әнші.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...