Қазақ-араб бірлескен энергетикалық холдингі құрылады
27 Қазан 2021, 16:24 26078

Қазақ-араб бірлескен энергетикалық холдингі құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор Ернар Жанәділ Араб Әмірліктерімен бірлесе салынатын холдингтің қандай болатынын айтты.

Оның сөзінше, энергетикалық холдингті арнайы комитет басқарады және оның құрамында қазақстандық және араб компаниялары қорларының өкілдері кіреді.

Негізінен оны Астана халықаралық қаржы орталығының негізінде құруды көздеп отырмыз. Бұл құрылымның шеңберінде екі субхолдинг пайда болады. Оның бірі қазір қолданыстағы электроэнергетика нысандарының жаңартылуына инвестиция құйылады. Ал екіншісі, жаңартылатын энергия көздерінің саласындағы жаңа жобаларды салуға қатысты шаруалармен айналысады, - деді «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі, инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ.

Сонмен қатар Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев араб инвесторларымен жасалған келісім энергетикадан басқа қандай салаларды қамтитынын айта кетті.

Электр энергетикасынан бөлек ауыл шаруашылығы және туриз, логистика салалары бар. Агроөнеркәсіп кешенінде 50 млн доллардан астам инвестиция тартылады. Жыл сайын 8 млн тоннадан астам қой еті шығарылатын болады. Бұл келешекте еліміздің ауыл шаруашылығындағы экспортты арттыруға мүмкіндік береді. Туризм саласын айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысында Қатонқарағай кешені салынатын болады. Осы жобаға 120 млн долларға дейін инвестиция қарастырылған, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...