Қазақ актеры Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

16 Қаңтар 2021, 21:08
2067
Бөлісу:
Қазақ актеры Нью-Йорктегі конкурста үздік атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық актер Данияр Алшинов Нью-Йорктегі IMDb халықаралық байқауында «Атбай шайқасы» фильмі үшін «үздік драмалық актер» номинациясында марапатқа ие болды.

Актер бұл жаңалықпен Instagram парақшасында бөлісті. 

Жаңа жыл тағы бір халықаралық марапатпен басталды. Бұл жолы Нью-Йоркте, бұл жолы Атбай, – деп жазды ол.

Ол фильм режиссері Әділхан Ержановқа, Ольга Хлащеваға, серіктестері Динара Бақытбаеваға, Нұрбек Мұқышевке, Санжар Мәдиге, Әсел Садуақасоваға алғыс айтты.

Жыл сайын өтетін The best actor award-New York – IMDb халықаралық конкурсының мақсаты – таланттарды танып, үздік актерлерді марапаттау.

Өзгелердің жаңалығы