«KazAgro/KazFarm-2021». Елордада 20 елдің техникасы қойылған көрме ашылды

20 Қазан 2021, 11:33
1257
Бөлісу:
«KazAgro/KazFarm-2021». Елордада 20 елдің техникасы қойылған көрме ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың «EXPO» көрме орталығында «KazAgro/KazFarm» халықаралық аграрлық көрмелері ашылды. 

Биыл «KazAgro/KazFarm-2021» көрмесін өткізу еліміздің мерейтойымен, яғни Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 

Ауқымды жобаға 20-дан астам елден 120-дан астам экспонент-компания қатысып жатыр. «KazAgro/KazFarm-2021» – Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның аграрлық секторының дамуы мен ілгерілеуін көрсететін өзіндік платформа.

«KazAgro/KazFarm-2021». Елордада 20 елдің техникасы қойылған көрме ашылды

Осындай көрме «EXPO» халықаралық көрме орталығында дәстүрлі форматта  алғаш өтіп жатқан  аграрлық көрмелер.  

Мұнда ауыл шаруашылығы саласының мамандары, оның ішінде фермерлер, импорттаушылар, экспорттаушылар, дистрибьютерлер, көтерме және бөлшек сауда өкілдері күзгі көрмеде жылды қорытындылау, іскерлік байланыстарды қалпына келтіру, жаңа байланыстар орнату және тиімді келісімшарттар жасасу үшін қайта кездеседі. 

«KazAgro/KazFarm-2021». Елордада 20 елдің техникасы қойылған көрме ашылды

«МВК ExpoGroup» көрме компаниясының директоры Шолпан Қожабаеваның айтуынша, пандемияға байланысты үзілістен кейін инновацияларға, тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестік байланыстарға деген қажеттілік қатты сезіледі.

Бүгінгі таңда әлеуетті серіктеспен тікелей диалог құру мүмкіндігі барлық қатысушыларымызға қажет, - деді ол.

Көрмелер барысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорты мен экспорты, агроөнеркәсіптік кешенге құйылатын инвестициялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларының өндірісте қолжетімділігі, өсімдік шаруашылығын дамыту проблемалары тақырыбында семинарлар өтеді. 

«KazAgro/KazFarm-2021». Елордада 20 елдің техникасы қойылған көрме ашылды

Көрменің мал шаруашылығы бөлімі де өндірістегі инновацияларға арналады, сондай-ақ құрғақшылық мәселесін шешуге және жемшөп өндірісін арттыруға  көңіл бөлінеді.

«KazAgro/KazFarm-2021». Елордада 20 елдің техникасы қойылған көрме ашылды

 «KazAgro/KazFarm-2021» көрмелері аясында шақырылған халықаралық судья-сарапшылардың бағалауымен ҚР-дағы ірі қара малдың: қазақтың ақбас, әулиекөл, ангус, герефорд, қалмақ және сүт тұқымдарының арасында әр тұқымның үздік жануары анықталып, ауқымды аукцион және конкурс өткізілді.  

Көрме үш күнге созылады.

Өзгелердің жаңалығы