Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

28 Қазан 2021, 14:43
12247
Бөлісу:
Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Батыс Қазақстан облысына барған баспасөз туры барысында резеңке доңғалақтарының қайта өңдеуден өтіп, кәдеге қалай жаратылып жатқанына куә болдық. Сондай-ақ кәсіпорын ресейлік мұнай-химия шина кешені өнімінің эксклюзивті дистрибуциясы. Қазақстанның 18 қаласына өнім жеткізеді.

   Шина сату

Кәсіпорынның директоры Владислав Голоухов атап өткендей, бизнестің құрылғанына 15 жыл болған.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Шина бизнесінде бастапқыда кәсіби менеджер болмады. Олар енді қалыптастып жатыр. Пандемия әлемді өзгертті. Локдаунға алдымен Қытай еніп, сәйкесінше ең алғаш болып шықты. Әлемдегі контейнерлер саны 220 млн данаға тең. 660 млн тасымалдау жүзеге асырылады. Контейнерлер жылына 4 рет тасымалданады. Қытай ашылғалы барлық контейнер кетті. Себебі әлемдік тұтынушылық туризмнің 15 пайызы Қытайға тиесілі болды, - деді Голоухов.

Директорың айтуынша, өткен жылы компания 1,2 млн шинаны 34 млрд теңгеге сатқан.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Біздің нарықтағы үлесіміз 25 пайызды құрайды. Яғни, әрбір төртінші шинаны бізден сатып алады. Бізде 46 сату нүктесі бар. Қазір Саран қаласында шина зауыты салынып жатыр. Татарстан мен Қазақстанның бірлескен кәсіпорны осы жобаны жүзеге асырып жатыр. Компания мемлекетке 2020 жылы 2,5 млрд теңге салық төледі. 2021 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 2,8 млрд теңгені құраған, - деді ол.

  Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

 Қалдықты қайта өңдеу

Кәсіпорынның тағы бір бағыты - «жасыл» экономика бойынша қалдықтарды қайта өңдеу.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Яғни, біз шина шығарып қана қоймай, қайта өңдеуді жүзеге асырамыз.18 мың тоннаға жуық шина жеткізсек, оның 30 пайызын қайта өңдейміз. Бұл кәсіпорын елордада да жұмыс істейді. Нұр-Сұлтандағы кәсіпорын ірі және жаңа технологиялармен жабдықталған. Екінші дәрежелі банк қолдауының нәтижесінде 1 млрд несие алдық. Жалпы Қазақстанға 100 тонна шина жеткізіледі, осның 18 мыңын біз жеткізіп отырмыз. Нарықтағы үлес әртүрлі, себебі біз ірі габаритті шиналарды да әкелеміз, - деді ол.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Голоуховтың айтуынша, 4,5 мың тонна жаңа өнім шығарылады. Ол нарықта сатылады.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Өзіміз одан резеңке плитка дайындап шығамыз. 50 мың шаршы метр плитка әзірлеуді жүзеге асырып отырмыз. Бұл қолдың еңбегімен, яғни адамдардың тікелей қатысуымен жасалады. Плитканың шаршы метрі 6 мыңды құрайды. Біздің плиткаларды Қазақстандағы үздік деп айтуға болады. Дегенмен ол жасайтын адамның күш-жігерін қажет етеді. 8 ауысымдық жұмыс күнінде 8 адам 50 шаршы метр әзірлейді. Оны жасайтын қондырғы 250 мың еуро тұрады. Болашақта тағы да екінші дәрежелі банктен жаңа технологиялы қондырғыларды сатып алу үшін екінші дәрежелі банктен несие алуды көздеп отырмыз, - деді ол.

   Бизнесті қолдау 

Екінші дәрежелі банктің Орал қаласындағы филиалы директорының орынбасары Эльмира Ғалиева айтқандай, банк осы аймақта 3 мыңға жуық заңды және 70 мыңнан астам жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Бизнестің барлық сегментіне айналым қаражаттың толықтырылуы мен инвестициялық мақсаттары үшін несие береміз. Біздің облыстағы ірі компаниялардың бірі осы кәсіпорынды да қаржыландырдық. Орал филиалы осы орайда мемлекеттік бағдарламалар бойынша несиелеудің көшбасшысы болып отыр. «Нұрлы жер», «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламаларын атап өтуге болады, - деді ол.

Сондай-ақ банк шағын бизнесті қаржыландыруды да жүзеге асырады.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Стартаптарға арналған қаржыландыру бағыты бар. Соңғы екі жылда 100 кәсіпорынды қаржыландырды. Жаңа кәсіпорындар аймақтың экономикасына үлес қосып келеді, - деді Ғалиева.

   Өндірістің ошағы 

Өндірісте желі бойынша оператор Жәнібек Бекқалиев резеңке доңғалақтың сымын алып, бөлшектейді. Осы жұмыста 7-ай істеп жатқанын айтты.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Доңғалақтың сымын суырып, кесеміз. Оны осындай арнайы қондырғылармен жүзеге асырамыз. Одан әрі қарай осы бөлшектерді ұнтақтайтын қондырғыға саламыз. Біз өндірісте арнайы киіммен жүреміз. Себебі резеңкені қайта өңдеу кезінде құлақ пен мұрынды қорғау керек. Иісі мен қатты дыбыстық толқындар болады. Шаң-тозаңның астында жүруге тура келеді. Дегенмен жұмысым өзіме ұнайды. Осыған дейін құрылыс саласында еңбек еттім, - деді ол.

Бекқалиевтің айтуынша, жұмыс бірізділік пен жүйелікті қажет етеді.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Біз бір команда сияқты жұмыс істейміз. Біз бастапқы кезеңде болсақ, әрі қарай басқа қызметкерлер ұнтақтау, жинақтау жұмыстарын істейді. Әрине, қауіпсіздік ережесін сақтау өте маңызды, - деді ол.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Үгіндіден жасалған резеңке жабындар негізінен үй іші ауласы, балабақша, мектеп, спорт зал, ойын алаңдары, саяжай секілді жерлерде пайдаланылады.

Қайта өңдеу бизнесі: Резеңкеден жол жабынды жасайтын өндіріс жайлы не білеміз?

Шиналардың 90% - ға жуығы қайта пайдалануға арналған шикізат қоры. Ал мұндай көрсетілген проблема кезінде материалдық ресурстардың толықтырылмауы үлкен экономикалық маңызға ие. Сонымен қатар кәсіпорын автомобиль шиналарын кәдеге жарату зауытын салды. Ескі шиналарды қайта өңдеу одан әрі қолдануға жарамды шикізат жасауға мүмкіндік береді.

 

 


Өзгелердің жаңалығы