Бас жаңалықтар
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы мүмкіндігін бағалады
10 Қыркүйек 2021, 20:18 120

«Қайраттың» бұрынғы бапкері Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы мүмкіндігін бағалады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қайрат» футзал клубының бұрынғы бас бапкері Жоао Барбоза Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы мүмкіндігін бағалады әрі турнирдің басты фавориттерін атады. Маман бұл туралы bookmakerreview.kz сайтына берген сұхбатында айтты.


Менің ойымша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына тамаша өнер көрсету қабілетті, себебі құрамада жоғары деңгейлі ойыншылар бар және жаттықтырушылар штабы керемет жұмыс атқарып жатыр. Фавориттерге келетін болсақ, бірден бірнеше команданы атауға болады. Мысалы, Бразилия, Испания, Аргентина және Ресей. Әрине, басқа құрамалар да күшеіп келеді. Қазақстанның да жеңіске жетуге жақсы мүмкіндігі бар. Қазақстан құрамасына сәттілік тілеймін! - деді «Қайратты» 2007-2013 жылдар аралығында жаттықтырған бразилиялық маман.


Джоао Барбоза Қазақстан құрамасында да аз уақыт жұмыс істеген.

Айта кетейік, әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы 12 қыркүйекте Коста-Рикамен, 15 қыркүйекте турнир қожайыны Литвамен, ал 18 қыркүйекте Венесуэламен кездеседі.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...