«Қайрат-Жастар» командасының футболшысы матч кезінде есінен танып қалды

13 Маусым 2021, 21:05
1617
Бөлісу:
«Қайрат-Жастар» командасының футболшысы матч кезінде есінен танып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан бірінші лигасы аясында өткен матчта «Қайрат-Жастар» командасының қорғаушысы есінен танып қалды, деп жазды Хабар24.

Кездесудің 20-минутында Лев Кургин алаң ортасында есінен танды. 

Дәрігерлер бірден алғашқы көмек көрсетіп, артынша футболшыны жедел жәрдеммен Алматы ауруханаларының біріне алып кетті.  Әзірге футболшының жағдайы туралы және не себепті талғаны жайлы ақпарат жоқ.


Өзгелердің жаңалығы