Бас жаңалықтар
Қайрат Мәми Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялады
20 Маусым 2019, 10:41 427

Қайрат Мәми Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін  Парламент Палаталарының бірлескен отырысында ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми «ҚР конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңестің жыл сайынғы жолдауын жариялады.

Мәми Конституция егемендігімізді паш ететін, азаттығымызды айқындайтын маңызды құжат және татулықты ту еткен елдігіміздің алтын қазығы деп атап өтті. 

«Ата Заңды құрметтеу, бұлжытпай орындау – алға қойылған биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты. Конституциялық Кеңестің қызметі азаматтардың құқықтарының қамтамасыз ететін, жалпы мемлекеттік құндылықтарды сақтайтын осы қасиетті құжаттың ізгі мақсатын қорғауға бағытталған. Жолдауды жариялағаннан бергі кезең Қазақстанның мемлекеттілігі мен конституциялық бірегейлігі үшін тарихи таңбалы оқиғалармен ерекшеленді. Салиқалы халқымыздың сабырымен, биліктің сайлану салтымен Қазақстанда жоғарғы биліктің байсалды ауысуы орын алды», - деді Конституциялық Кеңес төрағасы.



Ол мемлекет басшысы өкілеттігінің көшуі, Конституцияға өзгерістер енгізу және республика президентінің кезектен тыс сайлауы Конституцияның талаптарына қатаң сәйкестікте өткенін атап өтті. 

«Осылайша тәуелсіздік басында Елбасы мәлімдеген және тұрақты түрде қамтамасыз етіліп отырған Ата Заңнның рухын адал сақтау бағытының сабақтастығы және оған қатысты қоғам мен мемлекеттік бұлжымастығы қайта расталды. Мемлекеттілік дамуының жаңа дәуірінде мемлекеттің және азаматтың ең басты міндеті – Конституцияның ережелері мен нормаларын құрметтеу және жүзеге асыру», - деді Мәми.




Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...

Сізден жаңалық