Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі қызметін қоса атқарады
11 Қараша 2021, 16:01 107

Қайрат Лама Шариф Қазақстанның Алжир және Тунистегі елшісі қызметін қоса атқарады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.


Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...