Қай облыста өрттің жиі болатыны белгілі болды

29 Қараша 2021, 15:47
890
Бөлісу:
Қай облыста өрттің жиі болатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен брифингте ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов қай облыста өрт жиі болатынын айтты.

Нұрболат Дербісов алдымен республикадағы өрт қауіпсіздігі саласындағы жағдайға тоқталды.

Бүгінгі таңда өткен жылмен салыстырғанда өрт саны 16,5%-ға, қаза болғандар саны 22%-ға, жарақат алғандар саны 27%-ға төмендегені байқалады. Өрт туындамай, тұншықтырғыш газбен улану статистикасына қатысты қаза табудың екі жағдайға және жарақаттанудың 2%-ға төмендегені байқалып отыр, - деп айтты ол.

Сонымен қатар комитет төрағасы өңірлердегі өрт саны бойынша ақпарат берді.

Атырау облысында 2 есеге, Қызылорда облысында 23%-ға, БҚО-да 14%-ға және СҚО-да 10,8%-ға өсуі байқалады. Өрт кезінде қаза болғандар саны Ақмола облысында 5 жағдайға, Атырау облысында 4 жағдайға, Қостанай, Павлодар және Түркістан облыстарында 1 жағдайға өсу байқалады. Былтырмен салыстырғанда өрт саны 16,5%-ға, қаза болғандар саны 22%-ға, жарақат алғандар саны 27%-ға төмендеген, - деп толықтырды Дербісов.

Айтуынша, әлеуметтік жағдайды талдау көрсеткендей, өрт кезінде қаза болғандардың жалпы санының 74%-ын жұмыспен қамтылған халық арасында және 17,4%-ы жұмыс істейтін халық пен студенттер арасында, ал 8,6%-ын мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалар құрайды.

Өзгелердің жаңалығы