Бас жаңалықтар
Қатты сынай беруімізге де болмайды - Мықтыбек Маратбек Олимпиададағы боксшылар туралы
29 Шілде 2021, 17:04 370

Қатты сынай беруімізге де болмайды - Мықтыбек Маратбек Олимпиададағы боксшылар туралы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Мықтыбек Маратбек айтты.

Ол атап өткендей, Токио Олимпиадасында өнер көрсететін спортшыларымыз әлі де бар.

Олимпиада басталғалы біздің боксшыларымыз жарысты сәтсіз бастады. Оны бәріңіз де көріп отырсыздар. Спортшылардың дайындығына барлық жағдайды жасадық. Өкінішке қарай, пандемия өзінің кедергісін тигізіп жатыр. Өйткені біздің спортшыларымыз үйде отырды және жабық базада өтетін дайындық өткізді. Әрине, бұл өз әсерін тигізбей қоймады, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар шетелге жарыстарға шыққанда спортшыларымыз 4-5 күн бойы карантинде отырғанын айтты.

Пандемия әсерін тигізді деп ойлаймын. Сондықтан қатты сынай беруімізге де болмайды. Өйткені қазір спортшыларымыздың екінші легі әлі де өнер көрсетеді. Олардан жақсы нәтиже болады деген ойдамыз, - деп түсіндірді Мықтыбек Маратбек.

Еске сала кетейік, бүгін 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан Әбілхан Аманқұл алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалса, Василий Левит те Олимпиадада жеңіліп қалған болатын.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...