Қатонқарағайға шетелдік суретшілер келді

4 Маусым 2019, 16:06
1847
Бөлісу:
Қатонқарағайға шетелдік суретшілер келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатонқарағайға Германия, Франция, Түркия, Литва, Грузия, Татарстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстаннан суретшілер келді, деп хабарлады Алтайньюс.

"Плэнер өңірімізде былтыр өткен еді. Соның нәтижесінде өнер музейінің қоры 100-ден астам картинамен толыққан. Десе де, биылғы плэнердің жөні бөлек. Себебі халықаралық деңгейде облысымызда бірінші рет ұйымдастырылуда. Әлемнің әр түкпірінен келген суретшілер табиғатымызды біз байқамаған соны қырынан көрсетіп, тамаша тарту қылады деп сенеміз", - деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

«Ұлы дала палитрасы» деп аталған бұл плэнер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының аясында өтуде. Оған облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен өнер мұражайы ұйытқы болып отыр. Суретшілер 4-11 маусым аралығында Катонқарағайда, нақтырақ айтсақ «Рахман қайнары» шипажайының маңында жұмыс істейді.

Қорытынды көрме 13 маусымда Өскемендегі өнер музейінде болады. Вернисаж аяқталғаннан кейін пленэр қатысушылары "Жастар" саябағында жас суретшілерге шеберлік сабағын өткізеді.
Өзгелердің жаңалығы