Катарлық бизнесмендер Қазақстандағы жобаларды қаржыландырады

14 Ақпан 2020, 11:45
1076
Бөлісу:
Катарлық бизнесмендер Қазақстандағы жобаларды қаржыландырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының бесінші отырысы өтіп жатыр. Қазақстандық тараптан тең төраға – ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов екі мемлекет арасындағы әріптестік жайлы айтты.

Инвестициялық ынтымақтастыққа баса назар аудару керек. Бұл жерде алдымен Катар инвестициялық қорының ("Qatar Investment Authority") ынтасын айтқанымыз дұрыс болар. Олар Қазақстандағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы еліміздің инфрақұрылым қорының жұмысына қатысуға ниетті. Осы ретте қаржы және банк саласындағы ынтымақтастық MASRAF ALRAYAN банкінің ашылуы және Катар халықаралық ислам банкінің АХҚО (Астана халықаралық қаржы орталығы) платформасына қаржы салуын осы бағыттағы нақты серпіліс деп бағалауға болады, - деді ол.

Сонымен қатар, соңғы бірнеше ай ішінде Қазақстан басшылығы екі елдің арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды шараларды қабылдады.

Біз Катар азаматтарын 2019 жылдың 1 қазанынан бастап визалық талаптардан босату туралы және жақында  әуе қатынастарына байланысты меморандумға қол қою туралы сөйлесіп жатырмыз. Соған сәйкес Qatar Airways авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан аптасына 7 жолаушылар рейсі және Доха мен Алматы арасында 7 жүк рейсі қатынай алады, - деп жалғастырды Руслан Дәленов.

Ұлттық экономика министрі осының барлығы жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетуге деген өзара ұмтылыстың айғағы деп отыр. Сондай-ақ бүгінде халықаралық ұйымдар, оның ішінде ХВҚ және Дүниежүзілік банк, әлемдік экономиканың өсуіне қатысты болжамды (ХВҚ-дан 3% -ға, Дүниежүзілік банктің 2,6% -ы) соңғы 10 жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендетіп отырғанын атап өтті.
Әлемдік тауарлар мен қызметтер саудасының айтарлықтай бәсеңдеуі байқалады. Әлемдік экономикадағы байқалып отырған өзгерістер мен тенденциялар әр елден өзінің экономикалық құралдарын жетілдіруді және экономикалық тәсілдер мен практикаларды жүйелі түрде түсінуді талап етеді.  Біз Катардың ел экономикасын қарқынды әртараптандыруға бағытталған реформаларын қызығушылықпен қадағалап отырмыз. Олардың экономикалық әл-ауқатына ерекше назар аударып отырмыз, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы