Қасымбек: Аймақта сумен жабдықтау бойынша 90 жоба іске асырылды

29 Қазан 2020, 10:51
1203
Бөлісу:
Қасымбек: Аймақта сумен жабдықтау бойынша 90 жоба іске асырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Ұлытауда су тазарту құрылыстарын, ал Абай мен Қарабаста кәріз сорғы станцияларын салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. 

Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 
Сейсенбі күні Үкімет отырысында елді-мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралды. Біздің өңір үшін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. 2022 жылға қарай барлық қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Ауылдық елді-мекендерде бұл бағытта 2023 жылға қарай жүз пайыздық көрсеткішке қол жеткізу қажет. Жалпы алғанда, шешуді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Бұл ретте Жезқазғанды сумен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. Сондай-ақ Қарағанды мен моноқалаларда ескірген құбырларды жөндеу біршама ресурстарды қажет етеді. Қарқаралы, Бұқар жырау ауданының тұрғындары тарапынан су беру сапасына қатысты шағымдар бар. Бұл мәселелерді біз біртіндеп шешетін боламыз, - деп жазды ол.

Қазір Жезқазған өңірінде Есқұла суағарын қайта жаңарту және Балқаштағы Тоқырау-Саяқ суағарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Қыркүйек айында Бұқар жырау ауданы Тасауыл ауылының тұрғындарына су құбыры желілерін салуға уәде берген болатынмын. 30 жыл бойы ауыл тұрғындары ауыз суды әкелу үшін күн сайын бірнеше шақырым жол жүруге мәжбүр болған. Қазіргі уақытта су ұңғымасын бұрғылау бойынша жұмыстар жүргізіліп, электр желісі, 4 км-ге жуық су жүйесі және кентішілік желілер, құдықтар мен су тарату колонкалары салынып, су мұнарасы орнатылды. Сондай-ақ сорғы станциясының құрылысы жүргізілуде, - деп жазды әкім.

Жалпы алғанда, «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың Жол картасы», «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламаларының арқасында биыл аймақта сумен жабдықтау бойынша 90 жоба іске асырылды.

Тоғыз айдың ішінде 274 км желілер салынып және қайта жаңартылды. Сондай-ақ сумен қамтамасыз етудің 25 жаңа нысаны салынуда. Адам саны 200-ден аспайтын 135 ауылда блок-модульдік суды тазарту кешендері орнатылып жатыр.

Жыл қорытындысы бойынша сапалы сумен қамтамасыз етуге қолжетімділік қалаларда 98% — ға дейін, ал ауылдық елді-мекендерде 89,9% - ға дейін өседі деп күтілуде. Таяудағы 3 жыл ішінде барлық бағдарламалар есебінен облыстың қалған 45 ауылы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Биыл Ұлытауда су тазарту құрылыстарын, ал Абай мен Қарабаста кәріз сорғы станцияларын салу жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Келесі кезекте Қарқаралы ауданының Қарағайлы кентінде және Ақтоғай ауылында қажетті нысандарды салу жоспарлануда. Алдағы бірнеше жылда өңірде ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының көмегімен 5 кәріз-тазарту нысанын салу жоспарлануда. Аймақта сумен жабдықтау объектілерін салу және жөндеу жұмыстарының барысына, сондай-ақ экологиялық заңнаманың сақталуына қатаң бақылау жүргізіледі, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Өзгелердің жаңалығы