Бас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
05 Наурыз 2021, 12:41 238

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айту жеделхатын жолдады. 

Түркияның шығысындағы Бингёль аймағында апатқа ұшыраған «Кугар» әскери тікұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.


Фото: дереккөз
Загрузка...