Каспий теңізінде бір топ итбалық видеоға түсіп қалды

29 Шілде 2019, 18:34
4464
Бөлісу:
Каспий теңізінде бір топ итбалық видеоға түсіп қалды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желі қолданушылары оншақты үлкенді-кішілі итбалықты Каспий теңізі жағасынан түсіріп алған. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды. 

Бұл видеоға қатысты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымының басшысы, эколог, Кирилл Осын өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, итбалықтар таяз жерге келіп жатпақшы болған. Бірақ оларды біреу қатты қорқытқан дейді.

«Мүмкін адамнан қорқып, теңізде жасырынбақ болған шығар. Видеоны түсіріп жүрген адамнан шошыған болу керек. Осыншама итбалықты бір мезетте көру күнде бұйыра бермейді, бұл үлкен сәттілік. Бірақ оларды шошытуға болмайды. Өйткені, олар үйреншікті жерін тастап кетуі мүмкін», - дейді ол.



Өзгелердің жаңалығы