Каспий құбыр консорциумының жұмысы қалпына келді

3 Мамыр 2022, 16:03
1460
Бөлісу:
Каспий құбыр консорциумының жұмысы қалпына келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Екі жылжымалы айлақ қондырғысы күрделі жөндеуден Каспий құбыр консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Бұл туралы «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңестен кейін Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

Ақшолақовтың айтуынша,  Каспий құбыр желісі консорциумы толық көлемде жұмыс істеп тұр.

Каспий құбыр желісі консорциумындағы жұмыс жалғасып жатыр. Осы орайда, екі жылжымалы айлақ қондырғысы іске қосылған, яғни сәуір айының соңында жөндеу жұмыстары бітті. Бұл өз кезегінде мұнай құбырларының қуаттылығын 100 пайыз қамтамасыз етуге жеткілікті. Тағы бір апатты болған жылжымалы айлақ қондырғысы жөндеуде тұр.  Бұл қондырғы осыған дейін жоспарлы жөндеуге тапсырылуы тиіс еді. Сондықтан ондағы жұмыстар жалғасатын болады, - деді Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы