Каспий аққулары жағаға жақындады

10 Желтоқсан 2019, 00:33
2639
Бөлісу:
Каспий аққулары жағаға жақындады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аққулар жағаға жақындады. Ақтауда әдетте 100-200 метр қашықтан бері келмейтін киелі құстар қазір үрке қоймайды, деп хабарлайды 24.kz.

Жұртшылық тіпті аққуларды ұстап көріп, қолдан тамақтандырып мәз. Мұны мамандар аққулардың адамдарға үйренгендігімен түсіндіреді. Мына бір қос аққудың 4 көгілдірімен көк айдында жүзіп жүргеніне бір апта болды. Жұптары жазылмайды. Жалпы қар өте сирек түсетін Ақтау үшін аққулар қыс нышаны саналады. Биыл жыл құстары өткен жылдарға қарағанда тым ерте, қазан айында ұшып келген. Қазір аймақта 2 мыңға жуық аққу мекендейді. 
Ақтау қаласында қанша тұрсам да, биыл алғаш рет аққуларды көру мүмкіндігі түсті. Біз отбасымызбен аққуларды қарауға келдік. Олар өте сұлу. Оларды ұстап та көрдік. Ешқашан да осындай арақашықтықта аққуларды көрген жоқпын. Оларды жақыннан көріп, мәз-мейрам болдық. Маған ұнады, - деді қала тұрғыны Мөлдір Махматова.

Өзгелердің жаңалығы