Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі іске қосылды

28 Қазан 2020, 15:49
1620
Бөлісу:
Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Kaspi.kz қосымшасындағы барлық қызмет түрі іске қосылды. Банк клиенттерінің барлық қаражаты шотында жатыр және банк қосымшасында дұрыс көрсетіліп тұр. Келтіріліген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Қолдау көрсеткен сүйікті клиенттерімізге алғысымызды білдіреміз. 29 қазаннан 4 қарашаға дейін Kaspi Gold, Kaspi Red, Kaspi QR арқылы жасалған әр саудаңыз үшін 5% бонус сыйлаймыз. Ниеті жаман адамдар жіберген жалған ақпараттарға назар аудармауды сұраймыз. Біз әлеуметтік желілер мен ресми парақшамызда банкке қатысты әр оқиғаны өз клиенттерімізге міндетті түрде хабарлап отырамыз, - делінген банк хабарламасында. 

Еске салсақ, бүгін WhatsApp желісінде «28.10.2020. В городе Нур-Султан в 6:53 на банк Kaspi.kz было совершено кибер атака в результате которого в саботаже «пополненных» и «минусовых» счетов было украдено 78.937.374тг» деген ақпарат таратылды. Әлеуметтік желі қолданушылары Kaspi.kz шотындағы ақшасының азайғанын, не көбейгені туралы жазды.

Банк өз кезегінде Kaspi.kz қосымшасындағы техникалық ақаулар ретке келтіруде. Клиенттердің ақшасы жеке шоттарында сақтаулы тұр деп сендірді.

Осы уақыт аралығында желіде аталған жағдайға қатысты әзіл мен «мемдер» тарады. Желі қолданушылары бұл жағдайды күлкіге айналдырды.


 


 

Өзгелердің жаңалығы