Kaspi банктің бұрынғы қызметкеріне іздеу салынды

12 Шілде 2019, 15:24
4347
Бөлісу:
Kaspi банктің бұрынғы қызметкеріне іздеу салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда Kaspi-дің бұрынғы қызметкері Сексембаев Руслан Владиславович банктің атын жамылып, Kaspi-дің клиенттерін алдап келген. Бұл туралы банктің Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Кепілдегі жылжымайтын мүлікті сатып алуға көмектесемін" деген уәдемен ол жәбірленушілерді өзінің шотына қаражат аударуға көндірген, содан кейін қашып кеткен. Қазір полиция тергеу-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Kaspi қылмыскерді тауып, жазалау, клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен белсенді жұмыс жүргізуде", - деп хабарланды банктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

WhatsApp Image 2019-07-12 at 15.35.20.jpeg

Банк өкілдері таратқан ақпарат бойынша, алаяқтың қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін Kaspi 10 млн теңге мөлшерінде сыйақы тағайындайды. Деректерді +7 705 211 16 93 телефон нөмірі арқылы Kaspi-дің қауіпсіздік қызметіне хабарлауға болады.

"Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осы адамның әрекеттерінен зардап шексеңіздер, Павлодар қаласының құқық қорғау органдарына арызбен жүгінуді сұраймыз. Банкпен жасалатын барлық қаржылық қатынастардың шартпен бекітілетінін естеріңізге саламыз. Банк ешқашан біреудің шотына қаражат аударуды талап етпейді", - делінген жазбада.

Kaspi банкінің өкілдері азаматтарға мұқият болып, ақшасын алаяқтарға сеніп тапсырмауға кеңес берді.

Өзгелердің жаңалығы