Қаскелеңде жолаушы жолдың ортасында оқ жаудырды

24 Қазан 2021, 14:45
14345
Бөлісу:
Қаскелеңде жолаушы жолдың ортасында оқ жаудырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаскелеңде 23 қазанда көлік жолаушысы жолдың ортасында оқ жаудырған.

Бұл оқиға 23 қазанда сағат 17:30-да үйлену тойында болғандығы анықталды.

Іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер ауаға оқ атқан ер адамды анықтады, ол Қарасай ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚК 293-бабы 3-бөлігі («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Mercedes автокөлігі айып тұрағына қойылды, ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Өзгелердің жаңалығы