Кәсіптер мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің жалақысы анықталды

21 Қазан 2020, 11:42
1659
Бөлісу:
Кәсіптер мен лауазымдар бойынша қызметкерлердің жалақысы анықталды

Алматы, BAQ.KZ. Статистика комитеті қызметкерлердің табысына қатысты жүргізген зерттеу қорытындысын жариялады.

Қазақстан Республикасында осы зерттеу жылына бір рет жүргізіледі. Зерттеуде 2020 жылдың маусым айында толық жұмыс істеген қызметкерлер қамтылған. Оған барлық ірі кәсіпорындар және кейіннен бас жиынтыққа таратыла отырып, ішінара 30% орта және шағын кәсіпорындар іріктеліп алынған.

Зерттеуде барлық қосымша ақыларды, үстемеақыларды, сыйлықақыларды, салықтар мен зейнетақы аударымдарын ескере отырып, 2020 жылғы маусым айы үшін нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылған. Қызметкерлерді жұмысшылардың негізгі кәсіптері мен қызметшілердің лауазымдары бойынша бөлу Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 130-од бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген Казақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылған.

Зерттеу қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2020 жылғы маусымда толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 2713,6 мың адамды құраған, оның ішінде ерлер 1246,6 мың адам - 45,9%, әйелдер 1467 мың - 54,1% құрады.

Қызметкерлердің жалпы санынан орташа айлық жалақыны 45 000 теңгеге дейін - 1,8% қызметкер, 45 000 теңгеден 105 000 теңгеге дейін – 30,8%, 105 000 теңгеден 210 000 теңгеге дейін - 39,2%, 210 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін – 14,2%, 300 000 теңгеден 420 000 теңгеге дейін – 7,2%, 420 000 теңгеден до 600 000 теңгеге дейін – 3,6%, 600 000 теңгеден 750 000 теңгеге дейін – 1,2%, 750 000 теңгеден 900 000 теңгеге дейін – 0,6%, 900 000 теңгеден жоғары – 1,4% қызметкерлер алды, - делінген хабарламада.

Экономикалық қызметтер бөлінісінде 75000-ға дейінгі жалақы мен қызметкерлердің ең көп үлесі «Білім беру» саласында - 49,6%, 450 000 теңгеден жоғары жалақымен – тау-кен өнеркәсібі саласында белгіленген - 21,6%.
Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының медиандық мәні 142 291 теңгені құрады. Қызметкерлердің орташа айлық жалақысының модальдік мәні 169 792 теңге. Орташа айлық жалақының дифференциациясының децильдік коэффициенті 5,8 құрады.

Орташа білімімен қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 133 268 теңгені, жоғары біліммен – 247 015 теңгені және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен – 472 654 теңгені құрады. Қызметкерлердің жасына қарай бөлінісінде 16-24 жас аралығындағылардың орташа айлық жалақысы 134 843 теңгені, 25-28 жастағылардікі 168 508 теңгені, 29 -34 жастағылар  200 629 теңгені, 35- 44 жастағылар 219 270 теңгені, 45- 54 жастағылар 204 527 теңгені, 55- 64 жас 190 950 теңгені, 65-тен жоғары - 229 407 теңге құрады, - делінген зерттеу нәтижесінде.
Өзгелердің жаңалығы