Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасы сайланды

16 Қыркүйек 2019, 18:16
1406
Бөлісу:
Кәсіподақтар федерациясының жаңа төрағасы сайланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.ҚРКФ басшысы Бақытжан Әбдірайым басқа қызметке ауысуына байланысты ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы өкілеттігін тоқтатты, деп хабарлады федерацияның баспасөз қызметі.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Кәсіподақтар федерациясында Бас кеңестің отырысы өтті.

Бақытжан Әбдірайым қазақстандықтардың әл-ауқатын дамыту жолында қоян-қолтық жұмыс істеген әріптестеріне ерен еңбектері мен артқан сенімдері, қолдаулары үшін алғыс айта отырып, Кәсіподақтар федерациясы халықтың әл-ауқатын нығайтуға және Еңбек адамының өмір сүру сапасын арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың басы-қасында болатындығын жеткізді.

Осы жылдар ішінде Кәсіподақтар федерациясы уақыт талаптарына сай үйлесімді қадамдар жасады, жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында бірқатар іс-шаралар атқарды. Бұл, өз кезегінде, кәсіподақтар қозғалысына жаңа леп беріп, әлеуметтік-еңбек саласының өзекті бағыттары бойынша жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚРКФ кезектен тыс XXV съезінде кәсіподақтардың жетістіктерін жоғары бағалап, Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарды Төртінші өнеркәсіптік революцияның жаңа шарттарына әлеуметтік бейімдеу үшін қозғаушы күш болуы тиістігін атап өткен болатын.

Бас кеңестің мүшелері ҚРКФ төрағасы лауазымына 2 кандидатураны - белгілі қоғам және саяси қайраткер Ералы Тоғжановтың және «Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың кандидатурасын ұсынды.

"ҚР Кәсіподақтар федерациясының Жарғысына сәйкес балама негізде өткен дауыс беру нәтижесінде Ералы Тоғжанов ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болып сайланды", - делінген хабарламада.      

Өзгелердің жаңалығы