Бас жаңалықтар
Кәсіподақтар федерациясы президент Тоқаевқа үндеу жолдамақ
12 Маусым 2019, 18:27 459

Кәсіподақтар федерациясы президент Тоқаевқа үндеу жолдамақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада ҚР Кәсіподақтар федерациясының жиыны өтті. Онда аталған ұйым мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіру бойынша ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдайтын үндеулерін талқылады. 

«Алдымен, 2 миллион мүшесі бар Кәсіподақтар федерациясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаймыз. Біздің федерация үкімет пен мемлекеттік органдар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатын жетілдіруге бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға тиіс деп есептейді. Халықаралық еңбек ұйымының 5 конвенциясын бекіту маңызды деп санайды. Олар: «Әлеуметтік қамсыздандырудың төменгі нормалары туралы» (102конвенция), «Дамуды елдерді ескере отырып, төменгі еңбекақыны бекіту туралы» (131 конвенция), «Ұжымдық келіссөздерге жәрдемдесу туралы» (154 конвенция), «Толық емес жұмыс уақыты жағдайындағы еңбек туралы» (175 конвенция), «Ауыл шаруашылығындағы еңбек гигиенасы мен қауіпсіздігі туралы» (184 конвенция). Халықаралық еңбек ұйымының осы 5 конвенциясын бекіту барлық санаттағы жұмысшылардың еңбек құқықтары мен оларға берілетін кепілдердің артуына жәрдемдеседі», - дейді федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайым. 

Сондай-ақ ол бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын есептеу көрсеткіштерін қайта қарастыру керектігін айтты. 

«Бұл мәселенің оң шешілуі азаматтық қызметшілердің лайықты еңбекақы алуын қамтамасыз етеді. Қазақстанда өндірістік жарақаттанушылықтың жоғары деңгейі байқалады. Осы орайда «Қауіпсіз еңбек» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу қажет. Сондай-ақ өндірістік жарақаттанушылықты азайту, еңбекті қорғау жүйесін енгізу, кәсіби қауіптерді саралау бойынша кешенді жоспар керек. Біз осы міндеттерді жүзеге асыру арқылы Қазақстанда еңбек адамына әлуметтік әділдік пен еңбек шарттары қамтамасыз етілетіндігіне сенімдіміз», - дейді федерация төрағасы.  

Жиын барысында аталмыш сайлауға белсенді қатысқан федерация мүшелері марапатталды. ҚР Кәсіподақтар федерациясы атынан кезектен тыс президент сайлауына Амангелді Таспихов қатысып, 1,98% дауыс жинаған болатын. 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық