Бас жаңалықтар
Кәсіподақтар федерациясы ADAL партиясы өкілдерімен кездесті
18 Желтоқсан 2020, 14:40 282

Кәсіподақтар федерациясы ADAL партиясы өкілдерімен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Кәсіподақтар федерациясының байқаушыларының республикалық штабының мүшелері ADAL партиясы өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге дайындық барысы туралы пікір алмасты.

Федерация төрағасының орынбасары, ҚРКФ байқаушыларының республикалық штабының төрағасы Нұрлан Өтешев қатысушыларға республикалық және аймақтық штабтардың жұмысы туралы айтып берді. 

Кәсіподақтар федерациясынан байқаушылар ретінде республика бойынша шамамен 7000 кәсіподақ мүшесі қатысады.Ең алдымен Кәсіподақтар федерациясының байқаушы ретінде қатысуының мақсаты - 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында ашықтықты, әділдік пен айқындылықты қамтамасыз ету. Кәсіподақ байқаушылары-  ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді екі миссияны көздейді. Сайлау кезеңінде азаматтардың өз еркін білдіру құқықтарын жүзеге асыруға ықпал етеміз,- деді Нұрлан Өтешов.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аймақтық байқаушылар штабының мүшесі Қайрат Сұлтаналин қатысушыларды байқаушылар пулымен жұмыс туралы хабардар етті. 

Оның айтуынша, оқу процесі елордада аяқталған. Оның барысында байқаушылар сайлау заңнамасының негіздері, сондай-ақ бұзушылықтарды анықтау және тіркеу бойынша қажетті нұсқаулықтарды алған. 


Фото: дереккөз
Загрузка...