Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

19 Қазан 2020, 15:48
3107
Бөлісу:
Кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары бойынша жеңілдетілген несие беріледі.

Облыс орталығы Көкшетауда 19 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Жұмыс істеп тұрғандарының саны 15 мыңнан асады. Осы уақыт ішінде олардың бюджетке түсірген түсімі 10,5 млрд теңгеден асты.

Шағын және орта бизнесті қолдау үшін бірқатар мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылуда. Солардың бірі – «Бизнестің жол картасы». Пайыздық мөлшерлеме – 6%. Екінші бағдарлама – «Қарапайым заттар экономикасы». Пайыздық мөлшерлемесі – 8%. Осы бағдарламаларды іске асыру аясында кепілдік беру және негізгі борыштың 50 пайызына дейін ұлғайту көзделуде.

Бағдарламалар «Даму» қоры арқылы жүзеге асырылады. Ол негізгі оператор. Несиелеу екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктердің орташа мөлшерлемесі – 14-15%. «Даму» қоры арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау жүргізілуде. Нәтижесінде кәсіпкер осы бағдарлама бойынша алты немесе сегіз пайызбен несие ала алады, – деді Көкшетау қалалық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі Андрей Подгурский.

Өңірде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 3 млрд теңге сомасына төрт жоба мақұлданды.

Биыл «Бизнестің жол картасы» бойынша кепілдік беру бағыты бойынша 300 млн теңгеден астам сомаға 20 жоба мақұлданды. Сондай-ақ, субсидиялау бағыты бойынша 960 миллион сомаға 20 жоба жүзеге асырылады, - деді Андрей Подгурский.

«Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады. Курстардан кейін тұлғалар 200 АЕК көлемінде өтеусіз грант конкурсына қатыса алады. Бүгінгі таңда 80-ге жуық адам курстан өтіп, грант иеленді.

Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, Ақмола облысы әкімінің гранты да бар. Ол жылына бір рет ойнатылады, әрі қайтарымсыз. Бес миллион теңгеге дейінгі қайтарымсыз грант жаңа іс бастағандарға және қызықты инвестициялық жобалары бар кәсіпкерлерге беріледі, - деп бөлісті Андрей Подгурский.

Өзгелердің жаңалығы