Бас жаңалықтар
Кәсіпкерлердің көмегімен көпбалалы отбасылар үшін 18 мың жұмыс орны ашылады
09 Сәуiр 2019, 10:50 695

Кәсіпкерлердің көмегімен көпбалалы отбасылар үшін 18 мың жұмыс орны ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңына дейін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 63 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында мәлімдеді. 


"Үкіметтің, жергілікті биліктің, кәсіпкерлердің ең негізгі міндеті - осындай отбасыларды жұмыспен қамту, әсіресе мүгедек балаларды күтіп отырған үйде отырған аналарға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. Осыған байланысты біз өзімізге міндеттеме алдық.  Кәсіпкерлердің көмегімен осы жылы ең кем дегенде 63 мың жұмыс орнын ашу керек. Оның 18 мыңы осындай отбасыларға арналады. Өткен 1-тоқсанда 4900 жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 1400 жуығы осындай отбасыларға арналған. Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру жөнінде өңірлерде біраз тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде жаңа игі жұмыстар бар. өткенде өзіңіздің қатысуыңызмен Қызылорда облысының жобасы сізге баяндалды. Сондай жобалар басқа да облыстарда да бар", - деді Сапарбаев. 

Министр көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды кәсіпкерлікке үйрету негізгі мәселе болып отырғанын айтты.

"Кейбір өңірлерде осы жөнінде жақсы бастамалар бар. Мысалы,  Ақтөбе облысында "Кәсіпкер ана" деген бастама осы кәсіпкер аналарды оқытып, бизнес жоспар жасауға, өздерінің кәсібін ашуға көмектеседі. Маңғыстау облысында "Үш күнде кәсіп ашу"  деген өте тиімді бағдарлама бар. Әсіресе,  Жаңаөзен қаласында болғанда 140 жуық әйелді жинап, кәсіпкерлікке үйретіп жатқанвн көрдік. Келесі Шымкент қаласындағы "Мейірім" ұлттық порталында ең негізгі мақсаттардың бірі - осындай кісілерді жұмысқа тартып, қысқа мерзімде оқыту  арқылы "Атамекен" ҰКП-мен бірге кәсіп ашуға көмектесу. Қызылорда облысында "Өтемұратов қоры" 450 млн теңге бөліп, 100 қызылордаққа пәтер алуға көмектесуде", - деп айтты министр.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық