Кәсіпкерлердің артық төлеген қосымша құн салығын қайтару жеңілдейді

8 Желтоқсан 2021, 18:05
1221
Бөлісу:
Кәсіпкерлердің артық төлеген қосымша құн салығын қайтару жеңілдейді
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда қосымша құн салығының асып кеткен сомасын қайтару бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Кәсіпкерлердің пилоттық жобаға қатысуы ерікті түрде жүргізіледі.  

Жоба «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында таныстырылып, онлайн форматта алғашқы меморандумға қол қойылды. 

17 қарашада Қаржы министрінің №1188 бұйрығымен астық нарығы қатысушылары үшін қосымша құнға салықтың асып кеткен сомасын қайтаруды оңайлату жөнінде пилоттық жобаның іске асыру ережелері мен мерзімдері бекітілді. 

Кәсіпкерлердің артық төлеген қосымша құн салығын қайтару жеңілдейді

Мемлекеттің ҚҚС сомасын қайтаруы – Қазақстанда ғана емес, әлемде бойынша салықтық әкімшілендірудің ең өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекет үшін тауар, жұмыс, көрсетілетін қызметтердің нақты қозғалысын бақылау және сонымен бірге әр кезеңде төленген қосымша құн салығын есептеп отыру өте қиын. «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі Екатерина Никитинскаяның айтуынша, салық төлеуден жалтарудың түрлі схемасы ҚҚС-ті негізсіз өтеу тәуекелдерін тудырып, бюджетті шығынға батырады. 

Кәсіпкерлердің артық төлеген қосымша құн салығын қайтару жеңілдейді

Отандық салық төлеушілер үшін қолданыстағы тәртіп қосымша құн салығы сомасын қайтару процедуралары мерзімдерінің негізсіз созылуы, қайтаруға жататын ҚҚС артуының елеулі бөлігінің жоғалуы, өзге де салықтық тәуекелдердің туындауына әкеп соқтырады, – деп атап өтті ол. 

Бүгін жоба шеңберінде пилотқа қатысушылар ҚҚС сомасының жылдам қайтарылуына мүмкіндік алып, салық органдары қандай да бір әкімшілік және экономикалық санкцияларды қолданбай жеткізушілермен «салықтық алшақтықтарды» дербес реттеу құқығына ие болды. Тізбектер бойынша орын алған салықтық бұзушылықтар туралы ақпарат камералдық бақылау шеңберінде ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне ұсынылуы тиіс.

Кәсіпкерлердің артық төлеген қосымша құн салығын қайтару жеңілдейді

Жобаға меморандум жасасқан астық нарығының қатысушылары тартылады. Олар мемлекеттік кірістер органдарының салықтық құпияны құрайтын «салықтық алшақтықтар» бойынша мәліметтерді жария ету, тарату және үшінші тұлғаларға беруіне жазбаша рұқсат береді. Кәсіпкерлер үшін жобаның салықтық әкімшілік іс-қимылдардың ашықтығын қамтамасыз етуге арналғаны өте маңызды. Салық сомасын қайтару көшпелі тексерулерсіз камералдық бақылау режимінде жүзеге асырылады және бизнестің өзін-өзі реттеу қағидаттарына көшуіне мүмкіндік береді, – деп атап өтті «Қазақстанның астық одағы» ЗТБ төрағасы Нұрлан Оспанов.

Меморандум миссиясы АӨК және сабақтас салаларда іскерлік айналымның ашық тәжірибелерін енгізу, бәсекелікті дамыту, нарықтың өзін-өзі реттеудің тиімділігін қамтамасыз ету, бизнес пен мемлекеттік құрылымды диалогын құруды көздейді. Екатерина Никитинскаяның айтуынша, меморандумның салық төлеуші компаниялар үшін тиімді тұстары көп.

«Атамекен» ҚР ҰКП арнайы жүйесі меморандумдарды тіркеп, сақтап қояды. Кіріс органдары осы бөлімге кіріп, экспорттаушы компанияларды ғана емес, қызмет көрсетуші компанияларды да тексере алады. Меморандумға қол қойған компаниялар салық органдарына қосымша құн салығы сомасын жедел түрде қайтару туралы өтінім беруге мүмкіндік алады. Сырттан тексеріс келген жағдайда олардың құжаттары тексерілмейді. Ең бастысы, салық төлеушіге оның проблемалары жайлы хабарландырулар келіп отырады. Сондай-ақ салық төлеушілерге қателіктерді түзетуге уақыт беріледі. Егер қателер түзетілсе, мемлекеттік кірістер органдары ҚҚС-ны қайтарып береді. Жобаның маңыздылығы осында. Бұл процедуралар жедел түрде жасалатын болады, - деп түсіндіреді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі. 

ҚҚС-ті оңай тәртіппен қайтару процесі кәсіпкерлердің таңдауына қарай 2 нұсқа бойынша жүргізіледі. Біріншіден, банк кепілдігі болған жағдайда 15 жұмыс күні ішінде ҚҚС қайтаруға болады. Екіншіден, камералдық бақылау рәсімдері аяқталғаннан кейін бірден сатып алушы мен өнім беруші арасындағы «салықтық алшақтықтар» жоқ немесе жойылған көлемде ҚҚС қайтаруды ұсыну жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы