Қазақстанда кәсіпкерлер туралы бірыңғай мәліметтер базасы құрылады

15 Наурыз 2019, 17:53
2484
Бөлісу:
Қазақстанда кәсіпкерлер туралы бірыңғай мәліметтер базасы құрылады

Астана, BAQ.KZ. Біркүндік фирмалармен күресу мақсатында Қазақстанда кәсіпкерлер туралы бірыңғай мәліметтер базасын құру көзделуде. Бұл жөнінде ҚазТАГ порталы хабарлады. 

«Өкінішке қарай, бізде барлық мемлекеттік базалармен ықпалдастырылған, әрбір кәсіпкердің бейнесі айқын және ашық көрінетін кәсіпкерлер туралы бірыңғай мәліметтер базасы жоқ. Сәйкесінше, біз осының барлығы біріктірілетін және тұрақты жаңарып отыратын бизнес-тізілім құруға бастама көтеріп отырмыз. Біркүндік фирмалар ешқандай активі жоқ «бос» компаниялар екені анық. Егер, сіздің контрагентіңіз осындай фирма екенін білсеңіз, онда онымен келісімшарт жасаудан бұрын жақсылап ойланар едіңіз», - деді «Атамекен» ӨКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов ІІІ республикалық кәсіпкерлер форумы барысында. 

Ол мұндай тізілім іске қосылатын болса, келісімшарттар жасау бойынша сын-тәуекелдер де азаятынын айтты. 

«Сіздің жұмысыңыз туралы – айналымыңыз, салық төлейсіз бе, штат саны қанша екені туралы толық ақпарат болады. Айналым – бұл коммерциялық немесе салықтық құпия емес. Бұл тек мемлекеттік мәліметтер базасымен ықпалдастық. Рейтингке қарай әркім өз контрагенті және клиенті туралы біліп отырады», - деді Жүрсінов.

Өзгелердің жаңалығы