Кәсіпкерлер көпбалалы 3 отбасыға үй алып берді

15 Наурыз 2019, 18:48
2887
Бөлісу:
Кәсіпкерлер көпбалалы 3 отбасыға үй алып берді

Талдықорған, BAQ.KZ. Алматы облысының Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көпбалалы, әрі жалғыз басты 3 бірдей отбасыға үй алып берді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Бүгінде қоғамда қайырымдылық жасап, елге қол ұшын созатын азаматтар көбейіп келеді. Жақында Кербұлақ ауданында жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Әз – наурыз мерекесі қарсаңында өткен бұл шара барысында Сарыөзек ауылында орналасқан «Алацем» зауытының бас директоры Станислав Щербаков, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.

Кәсіпкерлер көпбалалы 3 отбасыға үй алып берді

«2013 жылы күйеуімен ажырасқанмын. Үш баламен үйсіз пәтерден пәтерге көшіп жүргеніме 5 жылдан асты. Балаларым оқушы, тапқан табысым олардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен, әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар», - дейді қуаныш иесі Жұмағыз Медетова.

 Қоғалы ауылының азаматы, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Бекиев, сол ауылда тұратын алты баланың анасын Айгүл Ешпаеваға үй сыйлап қуанышка кенелтті. Ал, Талдыбұлақ  ауылының азаматы Кален Тұрсыңбаев алты баламен үйсіз жүрген Надежда Лемешкоға осы ауылдан жайлы баспана алып берді.

Кәсіпкерлер көпбалалы 3 отбасыға үй алып берді

Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев және  Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлназ Шакенова мен әлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыға  қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

«Мейірімділік - адам бойындағы ең ізгі қасиеттердің бірі. Ана - өмірдегі ең үлкен құрметке лайық адам. Сондықтан да, көп баланы дүниеге әкеліп, ұлтымыздың көбеюіне үлкен үлес қосып жүрген аналарға қуаныш сыйлау - біз үшін үлкен бақыт», -  дейді жеке кәсіпкер Қайрат Ботайұлы.

Кәсіпкерлер көпбалалы 3 отбасыға үй алып берді

Әз-наурыз қарсаңында шаңырақтарында шаттық орнап, бала-шағаларының қуанышында шек болмаған аналар өз тараптарынан қайырымды жандарға шексіз алғыстарын жеткізді. Бұл игілікті шара әлі де жалғасын таба бермек.

Өзгелердің жаңалығы