Елімізде 200 мыңға жуық кәсіпкер жұмысын жандандыра алмай отыр

25 Қыркүйек 2020, 13:34
1649
Бөлісу:
Елімізде 200 мыңға жуық кәсіпкер жұмысын жандандыра алмай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елде орта есеппен 200 мыңға жуық кәсіпкер өз жұмысын жандандыра алмай отыр. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар орталығында өткен онлайн брифингте Президент Жолдауына орай шағын және орта бизнесті қолдау шараларына арналған онлайн брифингте «Атамекен» Ұлттық палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлім етті.

Бұл көрсеткіш жиі өзгеріп тұрады. Мәселен, карантин кезінде 800 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісінің жұмысы тоқтап тұрған. Карантиндік шаралардың жеңілдетілуіне байланысты күн сайын олар info Kazakhstan платформасы арқылы рұқсаттарын алып, жұмыстарын бастауда, - деді ол.

Оның айтуынша, олардың ішінде рұқсат берілген кәсіпкерлік субъектілер де бар.

Мысалы, асханаларды алайық. Рұқсат берілген күннің өзінде оларға санитарлық талаптар қойылды. Далада қызмет көрсете алмайтын мұндай мекемелер үшін асхана, зал ішінде қызмет көрсетуге 30-50 пайызға дейін шектеу бар. Кәсіпкерлер осы талап негізінде өз есептерін жүргізіп, қызмет көрсету шығындарын өтей алмайтынына көз жеткізді. Асханалардың 15-20 пайызы осы себепті тоқтап тұр. Өңірлер бойынша үнемі мониторнг жүргізіп отырамыз, сондықтан олардың көбі өз еркімен тоқтап тұр, - деді ол.
Айта кетейік, елімізде алдағы жылдарда жоспарланатын шаралардың барлығы кәсіпкерлік үшін оның салдарын жеңілдетуге бағытталатыны анықталды. Сонымен қатар, дамыған елдер тәжірибесіне негізделген бизнесті дамытудың жаңа жүйесі әзірленетін болды.
Өзгелердің жаңалығы