Кәсіпкер ауруханаға 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді

11 Шілде 2020, 18:09
2889
Бөлісу:
Кәсіпкер ауруханаға 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті.

Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етіп жатыр. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады, – деген аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.
WhatsApp Image 2020-07-11 at 13.24.46.jpeg



Өзгелердің жаңалығы