KASE: Доллар бағамы 376,54 теңгеге жетті

19 Ақпан 2019, 18:12
2036
Бөлісу:
KASE: Доллар бағамы 376,54 теңгеге жетті

Астана,  BAQ.KZ. 18 ақпанда 1 доллар 375,87 теңгені құраған. Қазақстан қор биржасында шетел валютасының күндізгі сауда сессиясы тәмәмдалды, деп хабарланды Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында.

USDKZT_TOM үшін аталған сессия қосымша болып табылады.

Сауда-саттыққа 22 банк қатысты.

Сауда-саттық нәтижесі бойынша T+1 есебімен АҚШ долларының орташа өлшемді бағамы 376,99 тенгені құрады.

Айта кетейік, 18 ақпанда доллар бағамы 375,87 теңгеге дейін түскен.


Өзгелердің жаңалығы