Қаржы мониторингі агенттігінің құзыретін кеңейту ұсынылды
04 Қараша 2021, 11:03 66

Қаржы мониторингі агенттігінің құзыретін кеңейту ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенаттың жалпы отырысында Қаржы мониторингі агенттігінің құзыретін кеңейту ұсынылды. Бұл туралы Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Ольга Перепечина айтты.

Виртуалды активтерді жеткізушілердің жұмысын реттеуді қамтамасыз ету ұсынылады. Бүгінгі күні цифрлық активтерді шығаратын, саудасын ұйымдастыратын, сонымен қатар цифрлық активтерді қолма-қол ақшаға, құндылықтарға және басқа мүлікке айырбастау қызметтерін ұсынатын тұлғалар қаржы мониторингінен тыс болып есептеледі, бұл АЖ/ҚҚ қылмыстарының, оның ішінде көлеңкелі қылмыстардың таралуына ықпал етеді, - деді депутат Ольга Перепечина Сенатта.

Қазақстанда 2020 жылғы 25 маусымда цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша заң қабылданды, ол Қазақстан мен АХҚО аумағында цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ел аумағы шегінде қызметін жүзеге асыратын көрсетілген тұлғаларды қаржы мониторингі субъектілерінің қатарына жатқызу және оларды виртуалды құндылықтардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органға қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберуге міндеттеу, ал ЦДИАӨМ уәкілетті орган ретінде айқындау ұсынылады, - деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар сенатор заң жобасы аясында Қаржы мониторингі агенттігінің құзыретін кеңейту ұсынылып отырғанын айтты.

Мекеменің заңды иесі (тікелей немесе жанама) туралы ақпараттың ашықтығын белгілеу мақсатында қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне қолжетімділікті модерация құқығынсыз қамтамасыз ету ұсынылады. Сондай-ақ ақшамен және мүлікпен жасалатын операциялардың жекелеген түрлері бойынша шекті мәндерді төмендету, қаржы мониторингі субъектілері үшін операцияларды және басқа да новеллаларды тоқтату бойынша шаралар қабылдау үшін терроризмді қаржыландыруға қатысы бар адамдардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірмей мерзімді белгілеу ұсынылады, - деп толықтырды сенатор Ольга Перепечина.

Оның айтуынша, заң жобасын қабылдау және іске асыру ұлттық қаржы жүйесінің қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...