Бас жаңалықтар
Қаржы министрі Қытаймен арадағы кедендік статистикадағы алшақтық туралы айтты
09 Маусым 2021, 11:10 246

Қаржы министрі Қытаймен арадағы кедендік статистикадағы алшақтық туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қытай Халық Республикасының кедендік статистикасымен арадағы алшақтық мәселесіне тоқталды.

Оның айтуынша, әлемдік тәжірибеде сыртқы сауда статистикасындағы осындай алшақтықтар көптеген елге тән. 

Мысалы, 2019 жылы Қытай Халық Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы сыртқы сауда деректерінің сәйкессіздігі 50 млрд доллардан астам болса, Германиямен - 45 млрд долларды құрады. Барлық Еуразиялық экономикалық одақ елінде де Қытай Халық Республикасымен осындай проблемалар бар. Біздің жағдайға келсек, статистикадағы алшақтықтың айтарлықтай бөлігі Қытай тарапының біздің еліміз арқылы тауарлар транзитінің үлкен бөлігін өздерінде Қазақстанға экспорт ретінде есепке алуымен байланысты, - деді ол.

Министр қабылданған шаралар үш жылдың ішінде алшақтық мөлшерін 60%-тен 45%-ке дейін қысқартуға мүмкіндік беретінін, осы бағыттағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті.

Бұған дейін министр Ұлттық қордан трансферт тару өскені жайлы айтқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...