Қарулы Күштердің құрамалары елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді

19 Қыркүйек 2021, 15:47
1312
Бөлісу:
Қарулы Күштердің құрамалары елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қыркүйектің басынан бастап өтіп жатқан кенеттен тексеру шеңберінде әскерлер Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлеріне жіберілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Маневрға ведомствоаралық, түраралық әскер топтарынан жалпы саны тоғыз мыңға дейін адам, үш мыңға жуық қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен сегіз корабль тартылды.

Қарулы Күштерді алыс қашықтыққа жылжуға әзірлікте ұстау қажеттілігі Қазақстан аумағының ауқымдылығына байланысты.

Қарулы Күштердің құрамалары елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді

Әскерлерді жауынгерлік техникамен, теміржол және әуе көлігімен, оның ішінде азаматтық авиация мүмкіндігін пайдалана отырып, әртүрлі тәсілдермен жеткізу жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, алдыңғы шептегі бөлімшелер әскери-көлік және азаматтық авиация ұшақтарымен жеткізілді. Құрлық әскерлерінің бөлімдері мен бөлімшелері жауынгерлік техникасымен бірге өздеріне таныс емес полигондарға теміржол көлігімен жеткізілді. Жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындау шеңберінде бөлімшелер белгіленген аудандарда орналасып, оларды инженерлік тұрғыдан жабдықтады, - делінген ақпаратта.
Қарулы Күштердің құрамалары елдің батысы мен оңтүстігіне жіберілді

Армиялық және майдандық авиация топтары жедел әуеайлақтарға және Ақтау – Жаңаөзен автомобиль жолының әуеайлақтық учаскесіне қайта орналастырылды.

Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің акваториясында корабльдердің орналасу пунктерін күзетуді және қорғауды жүзеге асырады.

Одан әрі құрамалар мен бөлімдер күштер мен құралдарды іс жүзінде қолдануға байланысты оқу-жаттығу жауынгерлік міндеттерді орындауды жалғастырады. Әскерлер әрекет етуінің толықтығын және сапасын Қарулы Күштердің Бас штабы бағалайтын болады.

 


Өзгелердің жаңалығы