Қарулы Күштерде медициналық эвакуация сабақтары өткізілді

2 Қараша 2021, 14:24
709
Бөлісу:
Қарулы Күштерде медициналық эвакуация сабақтары өткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бітімгерлік даярлық орталығында Америка Құрама Штаттары Қарулы Күштерінің медицина мамандарының қатысуымен бітімгершілік операцияларды әскери-медициналық қамтамасыз ету курстары ұйымдастырылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқыту алдағы уақытта БҰҰ миссиясына жіберуі жоспарланған Қазақстан Қарулы Күштерінің екінші деңгейдегі әскери-далалық госпиталінің құрамына енгізуге кандидат ретінде іріктелген әскери қызметшілерге арналған.

Медициналық жоспарлаудың базалық деңгейі курсына медициналық қамтамасыз ету негіздері, миссиялардағы медициналық қызмет компоненттерін зерделеу, медициналық қызметтегі байланыс және ақпараттық жүйелер, медициналық барлауды жүргізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету сабақтары енгізілді. Сондай-ақ, медициналық эвакуация және жедел медициналық жоспарлау сабақтары өткізіледі, - делінген ақпаратта.

Курс бағдарламасына Ұлыбритания елшілігі ұйымдастырған тіл дайындығы да кіреді.

Бітімгершілік бойынша дайындық сабақтары Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде ұйымдастырылды.

         

 


Өзгелердің жаңалығы