Қарулы Күштерде батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды

7 Қыркүйек 2021, 21:34
1568
Бөлісу:
Қарулы Күштерде батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы Күштердің бөлімдері мен құралымдарында жауынгерлік оқудың жаңа кезеңі – батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Құрлық әскерлерінің жауынгерлік даярлық бағдарламасына сүйене отырып, жалпы әскери батальондар мамандық бойынша дайындалып, батальон құрамында білімін жетілдіреді. Оның нәтижесінде батальондық тактикалық топ қалыптасып, тактикалық оқу-жаттығу аяқталады.

Қарулы Күштерде батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды

Батальондық тактикалық топтардың құрамындағы сабақтарға 70 сағаттан астам уақыт бөлінеді. Осы сабақтар барысында шабуыл жасау және қорғану тақырыптары, арнайы әскери іс-қимылдар жүргізу, ауданды оқшаулау жөніндегі тапсырмаларды орындау, іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, заңсыз қаруланған топтарды жою, маңызды объектілерді күзету, мемлекеттік шекара күзетін күшейту зерделенеді. Батальондық тактикалық топтың оқу-жаттығуы оқудың соңғы кезеңі болып табылады, – деді Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Талғат Қойбақов.

Батальонды және батальондық тактикалық топты үйлестіру бөлімше құрамында және далалық шығуларда тактикалық-саптық сабақтарды, оқ атуды және бөлімшелерді басқару жаттығуларын, жауынгерлік машиналарды жүргізу жаттығуларын орындау барысында іске асырылады.

Қарулы Күштерде батальондық тактикалық топтарды даярлау басталды

Бұл топтардың қалыптасуы орындайтын тапсырмаларының сипатына тікелей байланысты. Жауынгерлік оқуда көп жылдық тәжірибе ғана емес, сонымен қатар соңғы уақыттағы әскери қақтығыстарды талдау да ескеріледі. Оқ ату жүйесін, инженерлік жұмыстарды ұйымдастыру, түрлі ұрыста бөлімшелерді басқару, сондай-ақ әскери авиация, артиллерия тікұшақтарын және ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарын қолданудағы бөлімшелер командирлерінің өзара іс-әрекетін ұйымдастыру дағдылары мұқият пысықталады.

Бөлімшенің жоғары тиімділігінің негізі – кез-келген жерде әрекет етуге әзір оқытылған жеке құрам.


Өзгелердің жаңалығы