Қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

4 Қазан 2021, 18:20
916
Бөлісу:
Қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде Б.Бәкіров «Жусан» операциясы аясында оралған репатрианттарды оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша Дін істері комитетімен жүргізіп жатқан жұмыстары және осы саладағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қол жеткізген оң нәтижелері туралы баяндады.   

Бүгін, биылғы жылдың 4 қазанында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакировтың АҚШ сарапшылары - Чикаго университетінің профессоры Стивен Уэйнмен, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің сарапшысы Ноа Такермен кездесуі өтті.       

Қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды   

Кездесу барысында профессор Уэйн АҚШ Мемлекеттік департаментінің грантын іске асыру шеңберінде оңалту саласындағы мамандармен семинарлар, вебинарлар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ ұрыс қимылдары аймағынан оралған әйелдер мен балалармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.          

Қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері талқыланды

Талқылау барысында қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері бойынша екі тарап үшін қызығушылық тудыратын мәселелер қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы