Елімізде бақша дақылдары мен картоп алқабы ұлғайтылады

21 Ақпан 2020, 11:53
4640
Бөлісу:
Елімізде бақша дақылдары мен картоп алқабы ұлғайтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы барысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров айтты. 

2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га жерге орналастыру жоспарлануда, бұл 2019 жылғы деңгейден 240 мың га артық. Майлы, жем-шөп, көкөніс-бақша дақылдары мен картоптың алқабы ұлғайтылатын болады. Өткен жылы қарақұмық алқабы 2018 жылмен салыстырғанда 29,4 мыңға қысқарғанын айта кету керек. Алқаптардың күрт қысқаруы Шығыс Қазақстан (11,7 мың га), Павлодар (9,2 мың га), Қостанай (7,0 мың га) облыстарында байқалды. Бұл қарақұмық жармасының құнына әсер етіп, барлық өңірлерде оның қымбаттауына әкеп соқтырды. Осыған орай, аталған жарма дақылының алқабын оның әлеуметтік маңыздылығына байланысты ұлғайту қажет деп санаймыз, - деді Айдарбек Сапаров.
Оның сөзінше, ауа райына байланысты өткен жыл еліміздің жекелеген облыстары үшін қиынға соққан.  
2019 жылғы егін жинау қорытындысы бойынша 17,4 млн тонна астық бастырылды, бұл 2018 жылғы деңгейден 2,9 млн тоннаға немесе 14,3% төмен. Шілде-тамыз айларында қалыптасқан аптап ыстық ұзақ жаңбырлармен ауысып, нәтижесінде жиналған өнім көлеміне де, сапасына да әсер етті. Жалпы негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігі бойынша өндіріс көлемі мен өнімділіктің орташа өсуін атап өтуге болады. Ақтөбе және Маңғыстау облыстарын қоспағанда, барлық облыстар жемшөп дақылдары бойынша меморандумның индикативтік көрсеткіштеріне қол жеткізбегенін жеке атап өткім келеді. Облыс әкімдіктеріне жемшөп дақылдарының алқаптарын кеңейту үшін жеткіліксіз қарқынмен жағдайды түзету бойынша шаралар қабылдау қажет, - деді вице-министр.
Бұған дейін,2019 жылдың қорытындысы бойынша қой шаруашылығында 1057 жаңа шаруашылық құрылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп екені хабарланды.
Өзгелердің жаңалығы