Бас жаңалықтар
Карточкадан қаржы жымқырып келген алаяқ ұсталды
02 Маусым 2020, 21:11 139

Карточкадан қаржы жымқырып келген алаяқ ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда  микрокредит алып беремін деп клиенттердің карточкаларынан ақша жымқырған күдікті ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады. 

24 жастағы Р.есімді жігіт белгілі сайтта қаржылық қызметтерге, атап айтқанда жеңілдетілген шарттармен микрокредиттер беру туралы хабарландыру берген. Келісімнің төмен пайызы және қарапайым шарттары аңқау тұрғындарды қызықтырған. 

Алаяқ – алдау бойынша тәжірибелі. Ол барлығын анық ойлап, өзінің қылмыстық жоспарын құрған. Тек 2015 жылдан бері төрт рет алаяқтық әрекеті үшін және бір рет қарақшылық үшін жауапқа тартылды. Адамдар оның жарнамасына сеніп, онымен хабарласқаннан кейін ол келісімшарт жасағаны үшін төлем ретінде микрокредитке сұралған соманың 10 пайызын талап етті. Бұдан әрі, микрокредит бойынша ақша аудару үшін “клиент” жеке мәліметтерін: жеке куәлігін және банктік картаның фотосын екі жағынан ұсынуы керек болған. Әрине, қылмыскерге тек барып ақшаны шешіп алу ғана қалды, ол оны іс жүзінде жасады,-дейді Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров. 

Банк карточкаларының нөмірін және картаның артқы жағында көрсетілген CVV кодын біліп алған ол букмекерлік кеңселердің интернет-терминалдары арқылы ақша аударып оырған. 

Ол ешкімге қаржылық қызмет көрсетпейтіні анық. Р. мырзаға байланысты алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаншалықты ашық болса да, адамдар киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін жеке деректерді, сондай-ақ банктік карта деректерін үшінші адамға бермеу керектігін ұмытпауы керек, – дейді ол.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...