Қармақшыда құс етін өндіретін зауыттың құрылысы аяқталуға жақын – Қызылорда облысы

1 Тамыз 2021, 10:12
1904
Бөлісу:
Қармақшыда құс етін өндіретін зауыттың құрылысы аяқталуға жақын – Қызылорда облысы

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жылына 1500 тонна құс етін өндіретін «Қармақшы құс» зауыты салынуда. Құс фабрикасының құрылысы жақын арада аяқталатын болады.

Қармақшы ауданына қарасты Ақтөбе ауылында индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығы бойынша «Қармақшы құс» фабрикасының құрылысы осыдан 4 жыл бұрын басталған болатын. Бұл жобаның жалпы құны 1,9 миллиард теңгені құрайды. 

Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Ырзақұлұлы Ақтөбе ауылдық округін аралау, ауылдың тыныс тіршілігімен танысу барысында құс фабрикасының да жұмысымен танысты. Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын жеделдетуді, жобаны толық тиянақты аяқтауды тапсырды. 

Құс фабрикасының құрылыс жұмыстарын жуық арада аяқтап, өнім шығаруды жеделдету қажет. Бұл жобаны іске асыруда біз 70-ке жуық жұмыс орнын ашамыз. Ауылдағы жұмыссыз тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады, - деді аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы. 

Сонымен қатар аудан әкімі өнім шығару мен сату бағытындағы сала мамандарына біршама тапсырма берді. 

«Қармақшы құс» зауытының құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ақтөбе және К» ЖШС салуда. Серіктестік басшысы Нұрлан Іздібаевтың айтуынша, қазіргі күні құpылыc жұмыстарының жалпы көлемi 1,2 миллиард тeңгені құраған. 

«Қармақшы құс» фабрикасының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі таңда зауыттың әкімшілiк жәнe бaқылаy өткізy пунктiнің, 6 құc цeхының, сондай-ақ инкубациялық цехтың құрылысы мен құc coю цeхының мeтaлл кoнструкциялық жабыны монтаждалды. Сонымен бірге зауыттың ayмағы толық қоршалды, - дейді Нұрлан Іздібаев. 

Айта кетейік, биыл зауытты icкe қосуда «Бизнeстiң жoл кapтасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілді. Яғни, құс фабрикасын электрмен жабдықтау, ауыз су және кәріз су жүйелерін жүргізуге 400 миллион теңге қаржы бөлінген болатын.


Өзгелердің жаңалығы